9 сәуірдегі сауда барысында доллар бағамы қайтадан көтерілді

16:17, 9 сәуір 2025

© Фото: freepik

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 9 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,98 теңгеге көтеріліп, 520,48 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,02 теңгеге (-0,04) түсті.

Таңғы саудада юаньның орташа сараланған бағамы 70,55 теңге (-0,33) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 518,7-521,1 теңге, еуро 569,9-576 теңге, рубль 5,92-6,04 теңге аралығында сатылуда.

9 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны барреліне 60,63 долларға дейін 3,39%-ға арзандады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 3,74%-ға арзандап, барреліне 57,35 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 518,57 теңге, еуроны 566,59 теңге, рубльді 6,05 теңге деп белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!