25 сәуірдегі футбол: қазақстандық клубтардан кімдер ойнайды
© Сурет: Instagram/fc__ordabasy
Қазақстан чемпионатының жетінші туры аясында 25 сәуір күні еліміздің әртүрлі қалаларында үш футбол матчы өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өскеменнің "Алтай" клубы елордалық "Жеңіспен" кездеседі. Ойын Алматыдағы "Хан-Тәңірі" стадионында сағат 16:00-де басталады.

Сурет: Instagram/jenisfk.kz
Петропавлда жергілікті "Қызылжар" командасы Шымкенттің "Ордабасысын" қабылдайды. Кездесу "Қарасай" стадионында 17:00-де басталады.

Сурет: Instagram/fcqyzyljar
Сағат 19:00-де Ақтөбе қаласындағы "Орталық" стадионда жергілікті "Ақтөбе" құрамасы павлодарлық "Ертісті" қабылдайды.
"Павлодардың "Ертіс" командасымен бұған дейін де тартысты ойындар өтіп, көптеген әдемі голдар соғылған. Алдағы кездесу қалай аяқталады деп ойлайсыз?" – деп "Ақтөбе" клубы жанкүйерлерін әлеуметтік желіде жігерлендіріп, өз көрсеткіштерін де атап өтті.

Сурет: Instagram/fcaktobe_official
Бұған дейін Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:49, 25 сәуір 2026
Елордада көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шықты
-
14:20, 25 сәуір 2026
«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 47 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті
-
13:53, 25 сәуір 2026
Халқымыз ежелден «тазалық» ұғымына ерекше мән берген – Тоқаев
-
13:53, 25 сәуір 2026
Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы барысында сөз сөйледі
-
13:47, 25 сәуір 2026
2 млн тонна қалдық жиналды: Экология министрі «Таза Қазақстан» акциясының аралық қорытындысын мәлімдеді





