22 сәуірде Қазақстанда найзағай мен тұман күтіледі
© Фото: pixabay
2026 жылғы 22 сәуір, сәрсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің оңтүстік-батысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.
Ал Қазақстанның солтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, кей өңірлерде желдің күшеюі болжанады.
"Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында ауа температурасы -3°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жоғары өрт қаупі бар аймақтар:
- Жамбыл облысының батысы;
- Жетісу облысының солтүстігі мен шығысы;
- Түркістан облысының батысы;
- Абай облысының орталығы.
Төтенше өрт қаупі бар аймақтар:
- Жетісу облысының оңтүстігі;
- Түркістан облысының қиыр батысы.
Бұған дейін Алматыдағы Сайран көліне су жинала бастағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:53, 21 сәуір 2026
Еңбек министрлігі қазақстандықтардың шетелге жұмысқа кетуі туралы пікір білдірді
-
18:36, 21 сәуір 2026
Демалыс кезіндегі қауіпсіздік: қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды
-
18:22, 21 сәуір 2026
Қазақстан «көлеңкелі» мұнай өнімдері айналымынан жыл сайын 25 млрд теңгеге дейін шығын көреді
-
18:03, 21 сәуір 2026
Тоқаев Қазақстан мен Перу арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялады
-
17:53, 21 сәуір 2026
Астана әкімі LRT-ның қашан іске қосылатындығын айтты





