3 пәтер мен 1 көлікке тыйым салынды: 356 млн теңгенің заңдастыру жолы анықталды
© Фото: АФМ РК
ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Усть-Каменогорск инерт" ЖШС атынан жалған шот-фактуралар рәсімдеумен айналысқан бір топ тұлғаның заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратына сүйенсек, тергеу амалдарына сай, 2023 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында күдіктілер азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау ниетінсіз, ауыр техникаға арналған қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жүйелі түрде рәсімдеп отырған.
"Бұл құжаттар арқылы олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоса алғанда, салық төлеуден заңсыз жалтарған. Аталған заңсыз схемаға Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері де қатысқан. Ол салықтық бақылаудан кедергісіз өту үшін қажетті жалған құжаттарды рәсімдеуге көмектескен",- делінген ақпаратта.
Қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың жалпы көлемі 356 млн теңгені құрады. Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 91 млн теңгеден астам ірі залал келтірілген.
Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері мен бір автокөлігіне тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бұған дейін Қазақстанда жұмыс берушілерге жаңа міндет енгізілетіндігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:12, 14 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған шағын құрамда келіссөз өткізді
-
13:02, 14 мамыр 2026
«Қадірлі бауырыммен»: Тоқаев Ердоғанмен түскен суретін жариялады
-
12:53, 14 мамыр 2026
Ақтаудағы қайғылы оқиға: полиция көлігі баланы қағып кетті
-
12:41, 14 мамыр 2026
Ақорда Тәуелсіздік сарайында Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімін көрсетті
-
12:26, 14 мамыр 2026
Қызғаныш қайғылы жағдайға ұласты: павлодарлық ер адам бірге тұратын әйелін ауыр жарақаттады





