«Қадірлі бауырыммен»: Тоқаев Ердоғанмен түскен суретін жариялады

13:02, 14 мамыр 2026

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен Астанадағы резиденицяда түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сурет 2026 жылғы 14 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram парақшасында жарияланды.

"Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямдағы емен-жарқын әңгімелесу сәтінен. Астана. 2026 жылғы 13 мамыр",- делінген мемлекет басшысы жариялаған жазбада.

Сурет әлеуметтік желі қолданушыларының арасында тез тарап, жылы пікірлер жинады:

  • Не деген жылы сурет… Қос бауырдың шаңырақ астында қауышуы. Түркі елдері әрдайым бір шаңырақ астында болып, бірлігі жасай берсін!
  • Түрік елімен бауырластығымыз мәңгі жасасын!
  • Екі ел арасындағы бауырластық, достық арта берсін!
  • Мәртебелі қонақ ата жұртқа қош келдіңіз!

Айта кетейік, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 2026 жылғы 13 мамырда Қазақстанға ресми сапармен келді. Оны әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі күтіп алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!