Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған шағын құрамда келіссөз өткізді
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 14 мамырында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентіне ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға мемлекеттік сапарын тарихи маңызы бар оқиға деп атады.
"Жоғары мәртебелі Президент мырза, қадірлі бауырым, Өзіңізбен Қазақстанның елордасында жүздескеніме өте қуаныштымын. Ең алдымен, менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Сапарыңыздың мән-мағынасы ерекше, өте жоғары деп айтсақ артық болмайды. Себебі бұл, шын мәнінде, тарихи оқиға. Бұл сапар елдеріміздің ынтымақтастығына үлкен серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Екі ел арасында тек қана достық, бауырластық, мәңгілік серіктестік қарым-қатынас қалыптасқан. Арамызда ешқандай түйткіл немесе шешілмеген мәселе жоқ. Қош келдіңіз!" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда, Мемлекет басшысы былтыр Анкараға жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алды.
"Біз Анкарада Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бесінші отырысын өткіздік. Өте маңызды шешімдерге қол жеткіздік. Бүгін Кеңестің алтыншы отырысы болады. Ауқымды бизнес форум өтеді. Өзіңізбен бірге Астанаға үлкен делегация келді. Сондықтан сапарыңыз ойдағыдай өтеді деп ойлаймыз. Осылайша, өзара ынтымақтастығымыздың жарқын болашағына зор қадам жасаймыз", – деді Қазақстан Президенті.
Режеп Тайип Ердоған бауырлас қазақ елінің көрсеткен құрметіне алғыс айтты.
"Ең әуелі, бауырымыздың атажұртқа арнайы шақырғанына ризашылығымды білдіргім келеді. Бізге айрықша қонақжайлық танытып отырсыздар. Қазақ елінің шекарасынан өткеннен қапталдаса ұшқан ұшақтармен қарсы алып, менің делегацияма үлкен құрмет көрсеттіңіздер. Бұл бізді ерекше қуантты. Әрине, мұны ұмытпаймыз. Бүгінгі сапар бауырлас халықтардың ынтымағын арттыруға зор септігін тигізеді деп сенемін", – деді Түркия Президенті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:09, 14 мамыр 2026
Түркістан көшелерінде тағы бір Tesla Cybertruck көзге түсті - ол кімге тиесілі
-
13:58, 14 мамыр 2026
Қазақстанда қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау бойынша жаңа шешім қабылданды
-
13:43, 14 мамыр 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда микро және шағын бизнеске қатысты маңызды жаңалықты жариялады
-
13:38, 14 мамыр 2026
Қазақстандық ата-аналарды балалардың телефонын назарға алу ұсынылды
-
13:27, 14 мамыр 2026
Елордада қиылыстардың бірі жыл соңына дейін жабылады, енді біріне уақытша шектеу енгізіледі





