27 наурыздағы сауда-саттықта доллар бағамы сәл өсті

15:42, 27 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

2026 жылғы 27 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 482,53 теңгені құрап, 0,63 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 5,92 теңгеге дейін көтерілді (+0,05).

Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 69,72 теңгені құрап, 0,09 теңгеге төмендеді.

Айырбас пункттерінде доллар 482,6–484,7 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 555,2–560,4 теңге, рубль – 5,83–5,99 теңге аралығында.

27 наурызда әлемдік мұнай бағасы да өсім көрсетті. ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың маусым айына арналған фьючерстері 1,71%-ға қымбаттап, барреліне 103,63 долларды құрады.

Ал NYMEX алаңында WTI маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстері 1,67%-ға өсіп, барреліне 96,06 доллар болды.

Айта кетейік, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 481,83 теңге, еуроны – 556,8 теңге, рубльді – 5,85 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!