Жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
© Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи тұлғасын дәріптеу үшін жаңа мемлекеттік награда – Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жоспарланғанын хабарлады.
"Жақын арада осы орденді енгізу жөнінде Жарлыққа қол қоямын. Бұл жоғары марапат отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне беріледі. Орденнің мәртебесі жоғары болуы тиіс", – деді Мемлекет басшысы.
Президент атап өткендей, Ата заңда Қазақстан азаматтарының тарихи және мәдени мұраға қамқор болуға, ескерткіштерді сақтау мен қорғауға міндетті екені нақты жазылған. Бұл, әсіресе, тарихи жәдігері мол Түркістан халқы үшін маңызды жаңашылдық болып табылады.
"Бірегей болмысы мен төл мәдениетіне табан тіремеген ел дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Біз жаңа Ата заңды бағдар етіп ұстап, мемлекеттілігімізді одан әрі нығайта беруіміз керек", – деді Президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын кеңінен дәріптеудің маңыздылығын атап өтті. Әлемнің әр түкпірінде, әсіресе ірі мемлекеттерде танымал ету, жоғары сапалы туындылар мен фильмдер шығару, әр облыста зияткерлік мұраға арналған оқу бағдарламаларын ұйымдастыру қажеттігі айтылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:58, 21 наурыз 2026
Қайтадан жаңбыр мен қар: 22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
-
15:42, 21 наурыз 2026
Көлік полицейлері «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді
-
15:19, 21 наурыз 2026
Актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
-
14:57, 21 наурыз 2026
Атырау облысындағы отбасы қазасы: іс бойынша жаңа бап қосылды
-
14:41, 21 наурыз 2026
Президент: Қазақстанды шын мәнінде Өркендеген және Озық ел ету үшін ауқымды әрі жүйелі жұмысты қолға алдық





