138,8 млн теңгеге 59 дәрі түрі сатып алынды – Людмила Бюрабекова

12:26, 1 шілде 2020

Тегін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бекітілген бұйрыққа сәйкес амбулаторлық деңгейде жүзеге асырылады, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бүгінде коронавирус инфекциясымен ауырған науқастарды емдеу үшін 138,8 миллион теңгеге 59 дәрі түрі сатып алынған. Аталмыш дәрілік заттар барлық өңірге жеткізілді. Медициналық ұйымдарда "Лопиновир", "Ритонавир" және "Гидроксихлорохин" дәрілері бар. "Ремдесивир" дәрісін сатып алу жұмыстары аяқталды, келісім шарт жасалды, енді жақын күндері бұл дәрі стационарларға жеткізіледі. Бұл дәрі коронавирустың күрделі түрін емдеуге аса қажет. Сонымен қатар, біз "Фавипиравир" дәрісін емдеу шараларына қосқаннан кейін, ол да жақында сатып алынатын болды. Бірнеше өндірушілермен келіссөздер жүргізілді, деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!