15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы – аялы алақан мекені» атты іс шара өткізілді
© Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жыл сайын, 15 мамырда бүкіл әлем Халықаралық отбасы күнін тойлайды.
Атаулы күннің мақсаты – отбасы мәртебесін көтеру, қоғам назарын отбасы құндылықтарын нығайтуға аудару.
Осыған орай, Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағында «Отбасы аялы алақан мекені» атты іс-шара өткізілді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Саябақ аумағында «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» атты спорттық, «Отбасы – бақыт мекені» атты сурет, жас отбасыларға арналған «Qaz IQ» интеллектуалды ойындары ұйымдастырылып, қатысушылар өзара командалық сайыста бір-біріне деген сүйіспеншілік пен құрметін көрсетті.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
«Отбасы ағашы» республикалық акция аясында 75 түп ясень ағашы отырғызылды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Шараға облыста құрметке бөленген ардақты да берекелі әулеттер, өнегесі мол отбасылар қатысты. Олардың қатарында отбасылық жалпы тәжірибесі 200 жылдан асатын дәрігерлер династиясы Умаровтар отбасы, Алтынбаевтар отбасы, дүниеге 7 қыз әкеліп, 26 немере 6 шөбере сүйіп отырған бақытты жанұя Мақашевтар отбасы, азаматтық қорғау органы династиясы Ақсақаловтар отбасы, үш буынды ұстаздар жанұясы Аришевтар отбасы және өзінің 7 ұл-қызынан бөлек, қамқорлығына 7 ұл, 5 қызды алып, тәрбиелеп өсірген Ержановтар отбасы бар.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр





