17 қыркүйекте Қазақстанның қай өңірінде үсік жүреді
© Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі алдағы сәрсенбі, 2025 жылғы 17 қыркүйекте республика аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында -1°C-қа дейін үсік күтіледі.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соның салдарынан найзағайлы жауын-шашын өтеді. Тек батыс пен оңтүстік-батысқа солтүстік-батыс антициклонының сілемі әсер етеді, ол жақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – дауылды жел, солтүстік-батыс пен орталықта түнгі және таңғы сағаттарда – тұман түседі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі бар:
- Жоғары өрт қаупі – Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының батысы, орталығы және солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде;
- Төтенше өрт қаупі – Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:46, 18 шілде 2026
Диана Ержанова триатлоннан Еуропа кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды
-
17:15, 18 шілде 2026
Астанада полицейлер жоғалған 6 жасар баланы жедел тауып, ата-анасымен қауыштырды
-
16:55, 18 шілде 2026
Алдағы үш күннің ауа райы: қай өңірде аптап, қайда жаңбыр жауады
-
16:01, 18 шілде 2026
Алматының орталығында +40 градус аптапта электр жарығы өшіп қалды
-
15:40, 18 шілде 2026
Алматыда алты күнде 81 мас жүргізуші ұсталды





