28 қазандағы саудада мұнай бағасының күрт төмендеуі аясында доллар қымбаттады

16:17, 28 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 28 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,68 теңгеге көтеріліп, 487,81 теңгені құрады.

Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,14 теңгеге (-0,02) дейін төмендеді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 487,5-489,9 теңгеге, еуро 527,5-531,5 теңгеге, ресей рублі 4,95-5,05 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 28 қарашадағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы 4,5 пайызға арзандады.

Осылайша, қаңтар айындағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 4,42%-ға төмендеп, барреліне $72,29 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың желтоқсандағы фьючерстері 4,69%-ға төмендеп, барреліне 68,41 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 485,11 теңге, еуроны 523,82 теңге, рубльді 5,02 теңге деп белгіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!