9517 қазақстандық Таяу Шығыс елдерінен елге қайтарылды

16:48, 11 наурыз 2026

© Фото: unsplash

2026 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Таяу Шығыс елдерінен эвакуацияланған қазақстандықтар туралы жаңартылған ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің мәліметінше:

"Мемлекеттік органдар мен Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің көмегімен Таяу Шығыс өңірінен 9517 қазақстандық елге қайтарылды. Қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінен, Катардан және Сауд Арабиясы Корольдігінен азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр".

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оманнан эвакуациялау шаралары аяқталуға жақын екенін атап өтті.

"Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде жұмысты үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста болып, азаматтарға қажетті көмек көрсетуде", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 10 наурызда 8585-тен астам қазақстандықтың эвакуацияланғаны туралы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!