Оралда алаяқтықпен айналысып, іздеуде жүрген күдікті ұсталды

17:27, 11 наурыз 2026

© Сурет: polisia.kz

Орал аумағында полиция қызметкерлері 32 жастағы іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, аталған азамат ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы полиция департаменті тарапынан іздестірілген.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201 бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өңір аумағында 10-13 наурыз аралығында өткізіліп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!