380 қазақстандық қаржы пирамидасының құрбаны болды

18:40, 10 наурыз 2026

© Сурет: Zakon.kz

ҚМА Астана бойынша департаменті Sirius Energy қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайдыы Zakon.kz.

Ұйымдастырушы өзін чилилік "Sirius Energy" компаниясының өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды жаңартылатын энергия көздері саласындағы жоғары табыс әкелетін жобаларға инвестиция салуға үгіттеген.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, қаражат тек USDT криптовалютасы арқылы қабылданып, кейін қатысушыларға шартты бонустар көрсетілетін жеке кабинеттер ашылған.

Салымшыларды тарту мақсатында күдікті Алматы және Астана қалаларында кеңсе ашып, тұрақты түрде тренингтер өткізген.

"Сонымен қатар Instagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы белсенді жарнама жүргізіп, заңды қызмет атқарып отырғандай әсер қалыптастыру үшін үшінші тұлғаның атына ЖШС тіркеген. Алайда іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетілмеген", – делінген хабарламада.

Салдарынан 380 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналған.

Жәбірленушілердің бірі ұйымдастырушының жоғары табыс туралы уәдесіне сеніп, жобаға инвестиция салу үшін 3 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген.

Алайда ешқандай төлем жасалмаған, енді ол несиені пайызымен бірге өз қаражатынан өтеуге мәжбүр.

Сот санкциясымен ұйымдастырушының банк шоттарына тыйым салынды.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!