11 қарашада Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады

16:50, 10 қараша 2026
MKZ: 1577009

© Фото: Zakon.kz

Сәрсенбі, 2026 жылғы 11 қарашада, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. "Қазгидромет" РМК болжамынша, елдің оңтүстігі мен шығысында кей жерлерде жауын-шашын мол түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антициклон жотасының ықпалынан елдің қиыр батысы мен солтүстік-батысында ғана жауын-шашын болмайды.

"Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстікте және орталықта көктайғақ болады", – деп хабарлады "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Синоптиктер мына аумақтарды атады:

  • Қызылорда облысы;
  • Алматы облысының батысы, оңтүстігі мен шығысы;
  • Жетісу облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығы;
  • Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы.

Бұған дейін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 11 қарашаға дауылды ескерту жариялаған еді. Кейін қала әкімдігі Алматыда 10 қараша күні кешке басталатын жауын-шашын 12 қарашаға қараған түнге дейін созылатынын ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!