Ақмолалық өрт сөндірушілер тұрғын үйді өрттен сақтап қалды

22:15, 5 қаңтар 2025

© Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 5 қаңтарда Ақмола облысының Щучье қаласында жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған шаруашылық құрылыс өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт есептоптары келген кезде шаруашылық құрылыс толығымен отқа оранып, қалың түтін шығып жатты.

Ақмолалық өрт сөндірушілер тұрғын үйді өрттен сақтап қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2025 22:15

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Құтқарушылар барлау кезінде құрылыстан қауіпсіз жерге екі газ баллонын дереу шығарды. Кәсіби өрт сөндірушілер жалынның үйге таралуына жол бермей, 90 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!