«40 градус аяз болады». Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

17:20, 17 қаңтар 2026

© Сурет: pexels

Қазақстанның 11 облысында 18 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Атырау облысының батысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, ал олыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Атырауда 18 қаңтарда көктайғақ болатыны болжанады.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 25 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 18 қаңтарда түнде көктайғақ болатыны болжанады.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 18 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың батысында, солтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болып, түнде облыс бойынша 40 градус қатты аяз болады деп күтіледі. Өскеменде де 18 қаңтарда түнде 40 градус қатты аяз болатыны болжанады.

Абай облысында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түнде және таңертең Аягөз ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 41 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде 25-28 градус қатты аяз болады деп күтіледі. Талдықорғанда да 18 қаңтарда түнде сынап бағаны 25-27 градус қатты аязды көрсетеді.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында шығыстан батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 18 қаңтарда жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Бұған дейін синоптиктер Алматы бойынша алдағы бір аптаға (17-23 қаңтар) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын. Оған сәйкес, осы демалыс күндері мегаполисте аязды күндер сақталып, қар жаууын жалғастырады, ал келесі аптадан бастап сынап бағаны біртіндеп жоғарылай бастайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!