Ұлы Фредерик тұлпары

22:04, 18 мамыр 2017
3395

Тұлпар десе делебесі қозатын қазақ үшін жылқы жануарының қазақи ортада маңызы ерекше. Оны күтіп баптау, тұқымын ажырату және жорғалығы мен бәйгеге шабатынын ат баптап жүрген жандар бес саусағындай жақсы біледі.  Бүгінде әлемде көптеген асыл тұқымды тұлпарлар бары һақ. Бірі бәйгеден оза шапса, енді бірі жорғалықтанда алдына жан салмайды. Тіпті би билеп, әннің ырғағына қарай қимылдайтындары да жеткілікті. Назарларыңызға топты жарып аты шықпаса да өзінің сұлулығымен ұлы Пруссия королі Фредериктің есімін алған жылқы туралы аз-кем әңгімелейік. 

Әлемдегі ең сұлу тұлпар деген атқа ие жануар өзінің көмірдей қара түсімен көрген адамның жүрегін бірден жаулап алады. Толқындай бұйра жалдары бұрын соңды ешбір атта кездеспегендіктен өзінің сүйкімін одан әрі арттыра түседі. Шынымен де осындай тұлпарды тізгіндеп үйінде баптамаса да қол тигізіп қасына бару көп адамның бүгінгі күндегі арманы. Мұндай жылқылар көбіне фотографтармен жұмыс жасайды. Себебі суреттен тамаша көрінетін асыл тұқымды жануар, қандай журнал, газет тіпті сайт беттерін болсын құлпыртып жіберетіні сөзсіз.

Фрисландиядан шыққан тұлпарлар екі рет қатарынан жойылып кету қаупі төнген. Нидерландия фермерлерінің арқасында саны көбейіп, қайтадан өсе бастаған. Қазіргі таңда зор лауазымды мерекелерден бой көрсететін ұлы Фредерик Ұлыбритания королевасын алып жүруге пайдаланылады. Қазіргі таңда АҚШ мемлекеті жылқының осы бір асыл тұқымын өз елдерінде көбейтіп ары қарай дамуына үлес қосты. 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!