Тайланд туралы қызықты фактілер
Тайланд - таңғажайып мекен. Жұмақпен пара-пар аралдар, ақ құмды жағажайлар, өзіндік тарихы бар ғибадатханалар, бірегей архитектура, көне мәдениет және гастрономикалық жауһарлар.
Тайланд мемлекетінің тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрі өзгелерден ерекше. Оны толықтай сипаттау үшін 10 мақаланың өзі жеткіліксіз болатын шығар. Сондықтан назарларыңызға Тайланд туралы ең қызықты 18 деректі ұсынамын.
1. Тайландтағы жыл санау жүйесі әлемнен өзгеше. Дәл қазір ол жақта 2557 жыл.
2. Тайландтың саяхатшылар мемлекетіне айналуына Вьетнам соғысы әсер еткен. Бұл жерде АҚШ соғыс базалары мен сарбаздары қоныстанған. Әсіресе сарбаздар арасында Паттайя қаласы танымал болған.
3. Тайланд көшелерінен маскүнемдерді кездестіру мүмкін емес. Олар мүлдем ішімдік ішпейді десек те болады. Ал ішкен жағдайда мәдениеттіліктен аттап өтпеуге тырысады. Әдетте ішімдік ішкен тайлық тұрғын бұрышта жәй ғана жымиып отырады.
5. Тайландта қоғамдық жерлерде ер адам кеудешесіз жүре алмайды. Бұл тәртіпті бұзушылықпен бірдей.
6. Аталған мемлекетте дауыс көтеріп сөйлесуге болмайды. Ал жымиып тұрған тұрғынды ақымақпен шатастырудың қажеті жоқ. Бұл - олардың қалыпты көңіл күйі. Тайланды осы себептен де "көтеріңкі көңіл күйдің елі" деп атайды.
8. Гиннесс рекордтар кітабында жазылғандай тайлық әліпби көлемі жағынан әлемде екінші орынды алады. Бірінші орында кхмер әліпбиі.
9. Тайланд халқы түгелдей дерлік мектепте ағылшын тілін меңгерсе де, оны тұрмыста қолдануға ұялады. Десе де ағылшын және орыс тілін жақсы меңгерген тайлықтарды кездестіру қиын емес.
10. Тай тілінде "аштық" сөзі жоқ.
12. Тайландта барлығы да ханға тиесілі. Ол кез келген уақытта қалаған мүлікті тартып ала алады.
13. Көлік қозғалысы кері бағытта жүзеге асады.
14. Жолда абайсызда көлік апаты орын алса, тайлық тұрғындыкі қандай жағдай болмасын расталады.
15. Олар хандарын қатты құрметтейді. Егер ол туралы біреу жаман сөз айтса, міндетті түрде түрмеге отырады.
16. Тай көліктерінде жылытқыш болмайды.
18. Адамның басы ең қасиетті мүше болып саналатындықтан, олардың барлығы дерлік жер үйде тұрады. Яғни көп қабатты үйде тұратын тайлықты кездестіру мүмкін емес.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 қараша 2025
Маман ұйқы мен қан қысымын не байланыстыратынын айтты
-
09:36, 14 қараша 2025
Биологтар миы бүкіл денесіне таралған теңіз жануарын анықтады
-
15:39, 11 қараша 2025
Жерге қуаты күшті магниттік дауылдар жақындап келеді
-
13:37, 10 қараша 2025
Кезекті магниттік дауылдар қашан күтіледі - ғалымдардың болжамы
-
11:53, 10 қараша 2025
Археологтар «ақырзамандық шайқас» болған жерді зерттеп көрді





