Көздің астына арналған қияр маскалары

16:18, 7 сәуір 2017

Әрбір әйел, кем дегенде, бір рет бет терісіне қиярдың түрлі маскасын қолданған болар. Өйткені құрамы 95% судан тұратын қияр теріні нәрлендіреді және оны ылғалдандырады. Сондай-ақ теріні жақсы ағартады, тыныштандырады және көз астындағы қара шеңберді жояды.

 Теріні ағартатын қияр маскасы – ең тиімді маскалардың бірі. Оны жүйелі түрде пайдалану беттегі сепкілді жояды және бет терісін тегістеп, келбетті арттырады. Жалпы айтар болсақ, қияр маскасының пайдасы өте көп.

Көздің айналасына арналған маскалар

1. Жаңа піскен қиярдың қабығын тазалып, үккіштен өткізіңіз. Сосын оған ақ балшық қосып араластырып, қайнаған су қосыңыз. Ботқа сияқты қоспа шығуы тиіс. Содан кейін осы масканы көздің астына жағыңыз, құрғап қалғанша ұстап, салқын сумен шайыңыз.

2. Көздің асты көгеріп қалғанда (синяк) сүзбе және қияр маскасы жақсы көмектеседі. Ол үшін 200 грамм майлы сүзбе және үккіштен өткізілген 2 қиярды араластырыңыз. Осы қоспаны дәкеге салып, көздің астына 25-30 минут ұстаңыз. Содан кейін салқын сумен жуып тастаңыз.

3. Қияр және сүт маскасын жасау үшін 2 ас қасық сүт, 1 ас қасық үккіштен өткізілген қияр, 1 ас қасық сүзбе мен ұсақталып туралған ақжелкенді (петрушка) араластырып, дайын болған қоспаны көздің айналасына жағыңыз. Тиімділігін арттыру үшін 1-2 тамшы зәйтүн майын қосыңыз. Ол теріні жасартады.

 Дереккөз: anabol.kz

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!