Ғылыми тұрғыда махаббат дегеніміз...
Адамдар жұмбақ құбылыстар, әрекеттер мен сезімдерге қисынды жауап пен түсініктеме алуға құмар. Бұл тұрғыда, әрине, ғалымдар көмекке келеді. Мысалы, олар адамдардың ең керемет сезімдерінің бірі махаббатқа қатысты бірнеше пайымға дәлел тапқан екен.
1. Бір көргеннен ғашық болуға болады
Профессор Стефани Ортиг махаббат жайлы өзгелерден артық білетініне сенімді. Сиракьюс университетіндегі (Syracuse University) әріптестерімен бірге ол махаббат машақатының адам миына қалай әсер ететіндігі жайлы бірнеше ғылыми тәжірибе жасаған. «Махаббат томограммасы» (The Neuroimaging of Love) деп аталатын кітабында ол ғашық адамның ағзасында болатын барлық өзгерістің механизмін тәптіштеп түсіндіріп берген. Мысалы, барлық ғашықтың қанында жүйкенің еселенуіне ықпал ететін (NGF) ерекше ақуыздың біршама артқаны анықталған. Бір көргеннен ғашық болуға осы фермент әсер етеді. Зерттеулерге сүйенсек, оның ағзада пайда болуына бар-жоғы бес секунд жеткілікті екен, сол себепті адам мұны сезіп үлгермейді. Осылайша, ағзада ғашық болу процесі бастау алғанымен, адам байқамай жүре беруі мүмкін.
2. Махаббат үш жыл өмір сүреді
Бұл – осы аттас туындыны дүниеге әкелген француз жазушысы Фредерик Бегбедердің қиялы емес. Пайымның логикалық, тіпті биологиялық түсіндірмесі бар. Ежелде, ата-бабаларымыз әкесі мен анасы бөбекке алғашқы үш жылында әсер ете алады деп кепілдік берген. Үш жылдық декреттік демалыс та осы пайымнан шықса керек.
3. Махаббат көзсіз етеді
Неміс зерттеушісі Андреас Бартель «көзсіз ғашық болу» теориясы нақты екенін айтады. Мидың орынды және ойланған шешім қабылдауға әсер ететін аймағы ғашық адамда ұйықтап жатады екен. Мұндай «соқырлық» бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл түсінікті де – егер біз серігіміздің барлық кемшілігін бірден байқайтын болсақ, онда үйленуге шешімді абайлап қабылдайтын едік. Ал бұл адамзаттың дамуына үлкен қауіп-қатер туғызар еді.
4. Махаббат – бұл құмарлық
Ғашық адамның және есірткіге тәуелді адамның томографиясынан көптеген ортақ дүниені табуға болады. Мысалы, ғашықтарда тәуелділік жүйесіне жауап беретін миының екі аймағы бір мезетте белсенді екені байқалады. Бұл ләззат сезімін тудыратын гормон – дофаминнің ұлғаюы салдарынан болады. Дәл осылай адам миына есірткі ғана әсер ете алады.
5. Махаббатты «емдеуге» болады
Егер тышқанға көп мөлшерде серотонин ексе, ол тұрақты серігінен бас тартып, кез келген тышқанмен жұптасып кете беретінін ғалымдар тәжірибе жүзінде анықтаған. Мұның себебі, серотонин дофаминнің деңгейін біршама азайтады, сонымен бірге махаббатқа тәуелділікті «өлтіреді». Айта кететіні, әртүрлі антидепрессанттарды қолданғаннан серотонин деңгейі айтарлықтай артады.
6. Бақытсыз махаббат күйзеліске әкеп соғады
Махаббатта бақытсыз адамның ағзасында қандай іс-әрекеттер орын алады? Қайғырған адам екі кезеңнен өтеді. Алдымен жауапсыз махаббат дофамин деңгейін көтереді – махаббат сезімі қатты ушығып, адам көзсіз долылық, қызғаншақтық пен агрессияға бой алдырады. Бұл кезеңде адам көбіне серігіне қоқан-лоқы көрсетіп, күштеп ғашық еткісі келеді. Эмоция мен күйінішке толы бұл кезең ұзаққа созылмайды, ерте ме, кеш пе оны келесі кезең басады – дофамин деңгейі күрт төмендейді де, адам бойында енжарлық еселенеді, ал кейін күйзеліске ұшырайды, бірақ бұл да көп ұзамай өтеді.
7. Еркектер көзбен, ал әйелдер құлақпен жақсы көреді
Қатты ғашық болған ерлердің миында көруге жауап беретін аймақ белсенді болады. Ал әйелдерде – естуге жауап беретін аймақ. Дәл осы себептен ғашық жігіт серігінің алғаш кездесуге не киіп келгенін есте сақтап қалады, ал әйел адам, ғашық жігіттің қандай уәделерді жаудырғанын ұмытпайды.
8. Кейбіреуіне сүю бақыты бұйырмаған
Ешкімге ғашық болып көрмеппін дейтін адамдарды өміріңізде кезіктірген боларсыз? Бәлкім, олар шынымен ғашық болатын адамды жолықтырмай келген болар. Алайда, олар өте сирек кездесетін – гипопитуитаризм деп аталатын ауруға шалдығуы да мүмкін. Бұл адамның ғашық болған кездегі сезімдерді толыққанды сезінуге мүмкіндік бермейтін ауру.
9. Экстремалды жағдайларда ғашық болу – оңай
Экстемалды жағдайларда махаббатты ойлауға мұрша жоқ сияқты көрінеді – қорқу керек, қорғану керек, жаныңды сақтап қалу үшін күресу керек. Алайда дәл осы қорқынышты жағдайлар үлкен, мөлдір сезімнің тууына ықпал етеді екен. Себебі, мұндай жағдайда біздің ағзамыз адреналин бөледі, ал ми оны стресс гормоны ретінде ғана емес, махаббат гормоны ретінде де қабылдайды. Біз қобалжимыз, тамыр соғысы жиілейді, ауа жетпейді – ессіз ғашық адамның сезімдеріне тән. Және егер дәл осындай сәтте қарсы жыныстың лайықты өкілі пайда болса, мойнына асыла кетуге дайын боламыз.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:22, 14 қараша 2024
Дүкен сөрелеріндегі сүт өнімдері: сапа мен қауіпсіздік туралы не білу керек
-
15:00, 14 қараша 2024
Сусын ішпес бұрын, алдымен онымен «танысыңыз» - сарапшылар кеңесі
-
20:39, 11 қараша 2024
Абайлаңыз, кеспе! Корей және қытай тағам өндірушілерінің өнімдерін қалай дұрыс таңдауға болады?
-
14:11, 8 қараша 2024
Биыл планетадағы ауа температурасы 1,5 градусқа жоғарылаған
-
09:48, 1 қараша 2024
Ұйқының оңтайлы уақыты анықталды