Әлемдегі ең ерекше есім
Әрбір ата-ана шаңырағында шыр етіп дүниеге келген сәбиіне ең алдымен лайықты есім тауып, сол есімді баласына қоюға асығатыны сөзсіз. Ата-аналар баласына есім таңдарда оның ерекше болғанын қалайды. Адамдардың көпшілігі ұлына немесе қызына әдемі әрі көп таралмаған есім іздейді.
Кей ата-ана баласының сыныбында немесе айналасында аттас адам болмағанын қалап, сол мақсатта сирек кездесетін есім қоюды ойлайды. Сирек есім иелері оның екі жағы бар екенін айтады. Өз таныстарының арасында есімің кездеспегені жақсы болғанымен, екінші жағынан кез келген дүкеннен есімің жазылған бұйымдар – стақан немесе әшекей табу оңайға түспейді. Егер есіміңіз әдемі болса, бұл қиындықтардың барлығы түк те емес.
Әлемдегі ерекше есім иесі австралиялық бүлдіршіннің жолы болмады десек те болады. Оның анасы Кэйтлинесімін қатты ұнататын болған, алайда бұл есімнің Австралияда өте кең таралғаны оны ойландырып жүрген. Ол өзінің болашақ сәбиінің қыз болатынын білген кезде оның күйеуі ерекше шешім ойлап тапқан.
Ата-ана "эйт" сөзін (ағылшынша "сегіз" секілді естіледі) латын санымен ауыстыруды ойлайды. Нәтижесінде қызды КVIIIлин (KVIIIlyn) деп атайды. "Енді біздің қызымыз ерекше!",- деп газетке мақтана жазыпты.
Бұл балаға деген қатаң қатынас секілді. Әрине, алдағы уақытта есімді өзгертуге болады. Кей адамдардың ойынша, бұл баланың мінезіне әсер етуі мүмкін.
Ал сіз қалай ойлайсыз?
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 қараша 2025
Маман ұйқы мен қан қысымын не байланыстыратынын айтты
-
09:36, 14 қараша 2025
Биологтар миы бүкіл денесіне таралған теңіз жануарын анықтады
-
15:39, 11 қараша 2025
Жерге қуаты күшті магниттік дауылдар жақындап келеді
-
13:37, 10 қараша 2025
Кезекті магниттік дауылдар қашан күтіледі - ғалымдардың болжамы
-
11:53, 10 қараша 2025
Археологтар «ақырзамандық шайқас» болған жерді зерттеп көрді





