Біз мән бермейтін ең маңызды құндылықтар
Адам болып өмір сүргеннен кейін өмірге деген құштарлық, оны сүру, оны игеру, оны басып жүру міндетіміз. Қандай жағдай болмасын еңбектену, жұмыс жасау – қажеттілігіміз. Күнделікті өмірде сіз бен біз мән бермей кететін құндылықтар бар. Тіпті ол дүниелер көзге көрінбейді. Сондықтан болар олардың мәнін түсіне бермейміз.
Уақыт
Уақыт – көзге көрінбейтін бірақ ағысы қатты құбылыс. Адамзат баласының бүкіл ғұмыры осы уақытқа тәуелді. Біз тәуелді екенімізді мойындаймыз бірақ мән бермейміз. «Әлі уақыт бар» дейміз, шындығында ол жоқ.
Уақытты дұрыс пайдаланбау, уақыты келген кезде өкінішке алып келетінін ұмытпаңыз.
Тиын-тебен
Иә, ақша да құндылық екенін біле жүріңіз. Біз тек ірі көлемдегі ақшаның қадірін білеміз. Ал күнделікті қалтаның түбінде жүрген бес-он тиынның қадірін білген емеспіз. Себебі "ол неге жетеді?" деп ойлаймыз. Шындығында сол он теңге дүкенде, қоғамдық көлікте, тіпті маңызды бір төлем жасаған кезде табылмай кетеді.
Денсаулық
Адамның ең құнды байлығы – денсаулық. Бірақ біз оған мән бермейміз. Себебі ауырмасақ болды. Бастысы бармыз және тіріміз деген түсінік. Ал оның қадірін тек ауырған кезде барып білеміз. Оған дейін тексеріліп, не жағдай болып жатқанын ойламаймыз.
Туыс
Туыс – әрдайым жаныңнан табылу керек қамқоршың. Бірақ біз оған да мән бермейміз. Бастысы бар деген ұғыммен жүреміз. Олардың қалын, жағдайын білу, үйіне барып қонақ болып, үйге шақыру деген сынды дәстүрлерді ұмытып кеттік. Себебі жоғарыда атап өткен уақыттың қадірін білмейміз. Туысты тек қарызға ақша алған кезде немесе той болған кезде ғана еске аламыз. Бәлкім ол сіздің көмегіңізге мұқтаж шығар, ойланыңыз.
Ата-ана
Олар бар болған күннің өзінде қадірін білмейміз. Іздемейміз, хабарласпаймыз, бармаймыз. Жағдайларын тек алыстан телефон арқылы білеміз. Жылына аз көрісеміз. Жұмыс деп қалып қоямыз. Бірақ олардың сізді өмірге әкелгенін, бағып-қаққанын ұмытып кетеміз. Ата-ана – дүниедегі ең ұлы құндылық. Тек мән бермейміз. Себебі тірі әрі қасымызда деген қате түсінік бар.
Табиғат
Табиғатты аялау, оны қорғау туралы жыл сайын түрлі шаралар өтеді. Тіпті халықаралық деңгейде болады. Бірақ біз оған мән бермейміз. «Көк шөп қой!» дейміз, кетіп бара жатып жапырақтарды да жұламыз. Қайта өседі дейміз. Бірақ сіз бен біз дәл сол көк шөп пен жапырақтан қанша таза ауа бөлінетінін, олардың қандай тозаңдарды өзіне тартып, адамдарға тыныс сыйлайтынын сезінбейміз.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:48, 10 желтоқсан 2021
Суықта ағзаға қуат беретін 8 азық-түлік аталды
-
23:00, 8 желтоқсан 2021
Диетолог танымал екі салаттың құрамын өзгертуді ұсынады
-
19:39, 7 желтоқсан 2021
Шығыс жұлдызнамашылары 2022 жыл кімдерге сәттілік әкелетінін айтты
-
15:30, 13 қаңтар 2020
Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?
-
10:52, 23 шілде 2018
Ғалымдар тіс пастасының зиян екенін хабарлады