Қазақстанда жаңбыр мен қар жауады: наурыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамы
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2025 жылдың көктемінің алғашқы айының соңындағы ауа райынан қазақстандықтарды қандай тосын сыйлар күтетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 29-31 наурыз аралығында еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын күтілсе, қалған аумақта күн ашық болады.
"Алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында үлкен антициклон өз әсерін сақтайды – бұл жерде ашық күн райы күтіледі. Республиканың батысында және оңтүстігінде фронтальды учаскелерде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр және қар), сондай-ақ елдің оңтүстігінде жел күшейеді, – деп синоптиктер хабарлады.
Болжам бойынша, қазақстандықтарды кей өңірлерден көптен күткен жылыну күтеді.
- Республиканың батысында ауа температурасы түнде -3+5°С-тан +5+15°C-қа дейін, күндіз +10+18°C-тан +12+25°C-қа дейін көтеріледі;
- солтүстік-батыста ауа температурасы түнде -5+5°С-тан +1+8°C-қа дейін, күндіз +10+16°C-тан +10+20°C-қа дейін көтеріледі;
- солтүстікте түнде -6+3°C, күндіз +7+15°C;
- республиканың орталығында түнде -1-9°С-тан -5+2°C-қа дейін, күндіз +4+12°C-тан +7+15°C-қа дейін шамалы көтеріледі;
- шығыста түнде -2-15°C, күндіз +5+15°C-тан +10+18°C-қа дейін көтеріледі;
- оңтүстікте түнде 0+5°C, күндіз +12+18°C-тан +17+22°C-қа дейін көтеріледі;
- оңтүстік-шығыста түнде -10+3°C, күндіз +7+15°C-тан +12+22°C-қа дейін көтеріледі.
Бұған дейін Қазақстанның 10 облысында 2025 жылдың 28 наурызында дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 31 наурыз 2025
Өскеменде полицейлер мен тұрғындар теміржолдағы апаттың алдын алды
-
22:04, 31 наурыз 2025
ШҚО-да полицейлер талмасы ұстаған жолаушының өмірін сақтап қалды
-
21:58, 31 наурыз 2025
Ертіс өзені маңында ағаштарды заңсыз кескен бес тұрғын ұсталды
-
21:00, 31 наурыз 2025
Павлодар облысында өрт сөндірушілер кейуананы немерелерімен құтқарды
-
20:41, 31 наурыз 2025
Ірі банктер Қазақстан бюджетіне 840 миллиард теңге салық төледі
Танымал жаңалықтар
-
09:02, 31 наурыз 2025
-
09:22, 31 наурыз 2025
-
11:19, 31 наурыз 2025
-
09:45, 31 наурыз 2025
-
12:17, 31 наурыз 2025
-
09:33, 31 наурыз 2025
-
10:43, 31 наурыз 2025
-
11:27, 31 наурыз 2025
-
09:51, 31 наурыз 2025
-
10:34, 31 наурыз 2025
-
10:11, 31 наурыз 2025
-
10:51, 31 наурыз 2025
-
10:22, 31 наурыз 2025
-
11:38, 31 наурыз 2025
-
09:13, 31 наурыз 2025