TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін жаңа функцияларды іске қосады
© Сурет: pexels
TikTok жасөспірімдер үшін қауіпсіз онлайн кеңістік құруға және ата-аналарға балаларының TikTok-тағы белсенділігін басқаруға көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді іске қосты. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, TikTok "Отбасылық баптаулар" бөлімінде ата-аналарға жасөспірімдердің қосымшаға қолжетімділігін белгілі бір уақыт аралығында шектеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, платформа сағат 22.00-ден кейін TikTok-ты пайдаланатын жасөспірімдердің назарын аударып, тынығуына көмектесетін жаңа мүмкіндікті іске қоспақ.
"Отбасылық баптаулардың" қосымша функцияларыTikTok-тағы ата-аналардың бақылау жүйесінің бір бөлігі болып табылатын "Отбасылық баптаулардың" іске қосылғанына бес жыл болды. Осы жылдар ішінде ата-аналардың кері байланысы мен сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, TikTok жаңа функцияларды бірнеше рет еңгізіп отырды. Бұл жолы TikTok қолданбасының әзірлеушілері "Демалыс" деген жаңа функцияны қосты. Ол қосымшаны белгілі бір уақытқа бұғаттауға мүмкіндік береді", - деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.
Енді ата-аналар балаларына TikTok-қа қол жеткізуді шектеу уақытын белгілей алады, мысалы, оқу уақытында немесе түнгі уақытта цифрлы детокстқа қол жеткізу үшін қайталанатын кестені орната алады. Шектеу қойылған уақыт аралығында жасөспірімнің TikTok-ты қолдану сұранысын қабылдай алады. Оған қоса "Отбасылық баптаулардың" жаңа функциясы ата-аналарға балаларының аккаунттары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге енді ата-аналар балаларының TikTok-та кімдерді бақылап отыратынын және олардың аккаунтына кімдер жазылғанын көре алады. Қандай қолданушылардың аккаунттарын бұғаттағанын біле алады.
Тіпті ата-аналардың бақылауы қосылмаған кезде де, алдағы айларда TikTok жасөспірімдерге қауымдастық ережелеріне сәйкес келмейтін контент туралы ата-аналарына хабарлау мүмкіндігін қосуды жоспарлап отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:04, 19 ақпан 2025
Telegram-да жаңа функция пайда болады
-
13:51, 15 қаңтар 2025
WhatsApp-та 4 бірдей жаңа функция пайда болды
-
16:24, 30 желтоқсан 2024
Жаңа жыл күні жерде магниттік дауыл болады
-
11:34, 23 желтоқсан 2024
Вирустық ауруларды емдеуде ғалымдар серпіліс жасады
-
23:22, 14 қараша 2024
Дүкен сөрелеріндегі сүт өнімдері: сапа мен қауіпсіздік туралы не білу керек
Танымал жаңалықтар
-
18:04, 15 наурыз 2025
-
18:42, 15 наурыз 2025
-
11:56, 16 наурыз 2025
-
09:15, 16 наурыз 2025
-
10:18, 16 наурыз 2025
-
15:19, 16 наурыз 2025
-
09:54, 16 наурыз 2025
-
11:00, 16 наурыз 2025
-
12:53, 16 наурыз 2025
-
12:17, 16 наурыз 2025
-
11:56, 16 наурыз 2025
-
13:55, 16 наурыз 2025
-
14:25, 16 наурыз 2025
-
13:22, 16 наурыз 2025
-
14:56, 16 наурыз 2025