ЕО Жоғарғы өкілі Тоқаевпен кездесу үшін Қазақстанға ұшып келді
© Сурет: wikimedia
Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Кая Каллас Қазақстанға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР-дағы ЕО өкілдігінің ақпаратына сәйкес, ол 28 наурызда Алматыға келіп, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездеседі.
Сондай-ақ, Кая Каллас Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты форматта кездесу өткізеді.
Осы жиындар қарсаңында Еуропалық Одақтың Жоғарғы өкілі "Егемен қазақстан" газетіне сұхбат беріп, Қазақстанға сапар аясында қандай мәселелерді талқылауды жоспарлап отырғанын айтты.
"Саудадан бастап көлік пен өзара байланыс, цифрландыру, су ресурстарын басқару және қауіпсіздікке дейінгі мәселелер қамтылады. Қазіргі геосаяси контексте алдымызда тұрған сын-қатерлерді және көпжақты халықаралық тәртіпке төніп тұрған қауіпті, соның ішінде ережелерге негізделген халықаралық тәртіпке тікелей әрі айқын қауіп төндіретін мәселелерді талқылауды жоспарлап отырмыз",- деді Кая Каллас.
Ол Орталық Азия ресурстары мен аймақтағы тұрақтылық тұрғысында географиялық орнымен ғана емес, инвестициялық әлеуетімен де үлкен маңызға ие екенін атап өтті.
"Сондықтан Еуропалық Одақ – Орталық Азия елдерінің дамуына қолдау көрсетуде алғашқы орында. Біз Транскаспий көлік дәлізін қолдаудан бастап, аймақтағы цифрлық дамуға инвестиция салуға дейінгі мәселелерді қамтитын, екі тараптың да мүддесінен шығатын мол мүмкіндікті көріп отырмыз. Мәселен, биыл «Global Gateway» стратегиясының арқасында Қазақстанның 300-ден астам ауылы мен мыңнан астам мектеп интернетпен қамтамасыз етіледі. Бұл – ЕО-ның келер ұрпаққа салған инвестициясы",- деп жалғастырды ол.
Оның айтуынша, аймақтағы даму үдерісі он жыл бұрынғымен салыстырғанда мүлдем басқаша. Өзгерген. Бұл – оң өзгеріс. Қазақстан – осы үдерістің негізгі қозғаушы күші саналады.
"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) бойынша Өңірлік орталығын құру туралы шешімін құптап, қолдаймыз. Бұл Қазақстанның аймақтағы оң имиджі мен рөлін тағы бір мәрте растайды. Бірауыздан дауыс беру БҰҰ мүшелерінің де Қазақстанның игі рөлін мойындайтынын көрсетті",- деді ЕО Жоғарғы өкілі.
Қорытындылай келе, Кая Каллас ЕО-ның 27 мүшесі Еуропалық Комиссияның реадмиссия келісімімен қатар виза беру үдерісін жеңілдетуге қатысты Қазақстанмен келісімге келуді көздеген келіссөздерді бастауы керек деген идеяны қолдағанын жеткізді.
"Жақын арада келіссөздерді бастаймыз деп үміттенеміз",- деді ол.
2025 жылғы 13 наурызда мемлекет басшысы Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеланы қабылдаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:57, 1 сәуір 2025
«Көлік иесіне мәселе туралы ескерту» қызметі қалай жұмыс істейді
-
14:43, 1 сәуір 2025
Ыстамбұл әуежайында тегін Wi-Fi орнатылды
-
14:36, 1 сәуір 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Словения кәсіпкерлеріне ұсыныс жасады
-
14:36, 1 сәуір 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты
-
14:20, 1 сәуір 2025
Жаңа алаяқтық схема: жоғары жалақы ұсынатын жаңа сайт пайда болды
Танымал жаңалықтар
-
17:33, 31 наурыз 2025
-
18:37, 31 наурыз 2025
-
16:32, 31 наурыз 2025
-
15:52, 31 наурыз 2025
-
15:44, 31 наурыз 2025
-
16:53, 31 наурыз 2025
-
21:58, 31 наурыз 2025
-
20:41, 31 наурыз 2025
-
16:17, 31 наурыз 2025
-
17:32, 31 наурыз 2025
-
16:25, 31 наурыз 2025
-
17:10, 31 наурыз 2025
-
16:04, 31 наурыз 2025
-
17:39, 31 наурыз 2025
-
21:00, 31 наурыз 2025