Арықтау үшін ас қорытылуына кететін уақытты біліңіз

14:26, 16 мамыр 2017

Егер осы берілген ақпаратты ұстанып, асқазанда тағам қорытылып болғанша ештеңе жемей шыдасаңыз, сіздің арықтауға ғана емес, асқазаныңызды аман сақтап қалуға да мүмкіндігіңіз мол.

Тамақтың сіңу уақыты:

  • – Аш қарынға ішілген су бірден ішекке түседі.
  • – Жеміс пен жидек шырындары 15-20 минут ішінде сіңеді.
  • – Жеміс-жидектен араластырылып жасалған салат 20-30 минутта қорытылады.
  • – Қарбыздың сіңуіне 20 минут, ал қауынға 30 минут қажет.
  • – Құрамында қызанақ, қияр, жасыл және қызыл бұрыштар бар салат 30 минутта сіңіп кетеді.
  • – Шалқан, сәбіз секілді тамыр көкөністері қорытылуға 50 минут уақыт кетеді.
  • – Ақтүйнек, асқабақ секілді құрамында крахмал бар көкөністер бір сағат шамасында қорытылады.
  • – Күріш, қарақұмық, арпа ботқалары 60-90 минут аралығында сіңеді.
  • – Бұршақ тұқымдастар қорытылуы үшін 90 минут уақыт қажет.
  • – Күнбағыс, асқабақ, күнжіт тұқымдары 2 сағат бойы қорытылады.
  • – Жаңғақтар, тіпті, күнбағыс, асқабақ, күнжіт тұқымдарынан ұзақ 2,5-3 сағат аралығында ағзаға сіңеді.
  • – Егер тұқымдар мен жаңғақтарды жемес бұрын суға салып қойса, олар тез қорытылады.

Жалпы тамақты ұйықтардан 3-4 сағат бұрын жеген жөн.

Жоғарыда көрсетілген ақпарат орташа есеппен алынған, әдетте тамақтың қорытылуы адамның ағза ерекшеліктеріне де байланысты болады.
 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!