Ана сүтін ересектерге ішуге бола ма?
Ана сүтінің нәрестеге пайдасы шаш етектен келетінін бәрі біледі. Ана сүті – пайдалы затқа толы ана мен баланы жақындастыратын нәрсе. Омыраудан шығатын сүтті "ақ алтын" деп те атайды, өйткені, ол – табиғат сыйлаған бағасыз байлық. Ана сүтінің құрамы:
- – су;
- – лактоза;
- – май;
- – миға қуат беретін қышқыл;
- – ақуыз;
- – аминқышқылдары;
- – гармонның 15 түрі;
- – темір;
- – кальций мен фосфор;
- – дәрумендер;
Омырау сүтін ересек адамдарға да емдік мақсатта қолдануға болады. Бұл емді міндетті түрде дәрігермен ақылдасқан соң бастаған жөн.
Ана сүтінің пайдасы:
- – Жәндік шағып алғанда жарақатты омырау сүтімен сүртеді;
- – Жарақат алып қалғанда ісікті басу үшін сүттен компресс жасайды;
- – Көз ауруы кезінде ана сүтін көзге тамызады;
- – Беттегі түрлі дақты кетіру үшін бетті сүтпен сүртеді;
- – Мұрын бітелгенде сүттің бірнеше тамшысын мұрынға тамызады;
- – Омырау сүтін қан тоқтату, инфекциядан емдеу мақсатында да қолданады;
- – Тамақ ауырғанда тамақты ана сүтімен шайқайды;
- – Тіс ауырғанда сүттен компресс жасап, тіске басады.
Ал емшек сүтін ересек адамдарға ішуге бола ма? Бұл сұраққа келгенде дәрігерлер пікірі екіге жарылады. Бірі болмайды десе, екіншісі иммунитетті күшейту үшін ішкен жөн деп есептейді. Қалай болғанда да ана сүтінің адам ағзасына әкелетін зияны жоқ.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:29, 25 мамыр 2026
Қытайда ит пен мысықтың тілін аудара алатын ЖИ-тілмаш пайда болды
-
09:41, 6 мамыр 2026
Ғалымдар демікпенің ауыр түрі несімен қауіпті екенін түсіндірді
-
17:45, 4 мамыр 2026
Газдалған сусынды жиі ішу қандай қауіп төндіреді - мамандар кеңесі
-
13:26, 12 ақпан 2026
Booking платформасы әлемдегі ең қонақжай қалалардың тізімін жасады
-
14:33, 21 қаңтар 2026
Дене салмағының қалыпты деңгейі қатерлі ісік қаупін азайтады - дәрігер кеңесі





