22 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Фото: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 маусымда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық, облыстың батысында, оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақтөбеде түнде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 35 градус қатты ыстық күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 22 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады
Павлодар облысында 35-38 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:33, 21 маусым 2026
Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогы кезеңін бес алтын медальмен аяқтады
-
17:08, 21 маусым 2026
Алматы тауларында 4 мың метрден астам биіктікте қалған екі жасөспірім құтқарылды
-
16:59, 21 маусым 2026
Жаңбыр, найзағай және бұршақ: 22 маусымға арналған ауа райы болжамы
-
16:10, 21 маусым 2026
Бокстан әлем кубогы кезеңі: Санжар Тәшкенбай алтын медаль жеңіп алды
-
15:42, 21 маусым 2026
Боливия президенті төтенше жағдай енгізіп, наразылық білдірушілерге қарсы әскер жіберді





