Жылжымайтын мүліктің құны екі есеге төмендеді

15:12, 16 қаңтар 2018

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылы тұрғын үй нарығында анау айтқандай өзгерістер бола қоймады. Себебі дағдарыстан кейін қалыптасқан экономикалық жағдай әлі сауыға қойған жоқ. Соңғы үш жылда Астана мен Алматыда доллармен бағаланған жылжымайтын мүліктің құны екі есеге төмендеді. Бірақ баспана барша тұрғындар үшін қол жетімді болды деуге келмейді.  Бұған еліміздегі бірқатар экономикалық факторлар себеп.

Сарапшылар атап өткендей, нарықтағы үдеріс 2016 жылдан бастау алады және бұл негізінен 2015 жылғы девальвацияның салдарынан туындап отыр.

Дағдарыс жағдайына қарамастан, тұрғын үйге деген сұраныс артып келеді. Бұған статистика мен нарықтағы ойыншылардың дерегі дәлел. Ұлттық экономика министрлігінің статистика Комитетінің апқпараты  бойынша 2017 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында бекітілген сату-сатып алуға қатысты шарттар өткен жылмен салыстырғанда  28,4 пайызға артқан, яғни   бұл көрсеткіш 138 106 болса, араға жыл салып  177 308  жеткен.

Дегенмен, біріккен риеэлторлар қауымдастығы 2016 жылғы көрсеткіш, 2015 жылы жасалған шарттармен салыстырғанда 14 пайыз артқанын айтады Бұл жерде әдеттегідей Астана мен Алматы көш бастап тұр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!