Жылдық инфляция 6,6 пайыз деңгейінде қалыптасты

12:16, 26 сәуір 2018

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылғы наурызда инфляция 0,5%, бірінші тоқсан үшін 2018 жылғы – 1,8% (бірінші тоқсан үшін 2017 жылғы – 2,3%) болды.

Жылдық инфляция 6,6% деңгейде қалыптасты және 2018 жылдың соңында Ұлттық банктің 5-7% нысаналы дәлізінің ішінде болады. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 5,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар және ақылы қызмет көрсету – тиісінше 8,5% және 6,0%-ға өсті.

2018 жылғы наурызда халықтың инфляциялық күтулерінің төмендеу үрдісі жалғасты. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша, бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалау 5,8% болды және нақты инфляциядан төмен тұр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!