Жыл басынан бері 33 млрд теңгенің 31 нысаны жекешелендірілді

15:59, 10 қыркүйек 2019

Алматы. 10 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда жекешелендірудің кешенді жоспары 91%-ға орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары — қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Есепті кезеңде 62 нысан саудаға шығарылды, 33 млрд теңгеге 31 нысан сатылды. 31 нысан сауда-саттықта тұр», — деп есеп берді ол.

19 нысан бойынша қайта құру және тарату туралы шешім қабылданды, 36 нысан ағымдағы жылдың соңына дейін сатуға қойылады.

«2020 жылдың соңына дейін (жекешелендіру бойынша жоспар) 100% жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», — деп сендірді Әлихан Смайылов.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!