Жыл басынан бері бөлшек сауда 4,3 пайызға өсті

17:12, 15 ақпан 2018

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтарында бөлшек сауда айналымы 625,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға көп, деп хабарлады LS.

Азық-түлік тауарларының жалпы саудадағы үлесі 30,9 пайыз (193,6 млрд теңге), азық-түлік емес тауарлары – 69,1 пайызды (432,1 млрд теңге) құрады.

Өнімдерді сату көлемі 2017 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 7,5 пайызға, ал басқа тауарлар 3 пайызға өсті.

Бұл ретте ірі сауда кәсіпорындарының үлесі 58 пайыз (363 млрд теңге), ал жеке кәсіпкерлер мен қалалық нарық 42 пайыз (262,7 млрд теңге) болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!