Жүсіпбек Аймауытұлының еш жерде жарияланбаған шығармасы қайдан табылды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Жүсіпбек Аймауытов жазған делінген шығарманың табылғанын айтқан еді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Facebook парақшасында осы өлеңінің ғалымдардың қолына қалай түскені туралы жазды.
Ерлан Қариннің жазуынша архив құжаттарында бұл туындыны Жүсіпбек Аймауытұлы абақтыда тергеуде жатқан кезінде жазған деп көрсетіледі. Ол ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Қарағанды қалалық полиция департаментінің арнайы мемлекеттік архив қорындағы № 01093 ісінде сақталған. Бұл іс және басқа да көптеген құжаттар жақында Мемлекеттік комиссия аясында құпиясыздандырылған еді.Шығарма төте жазумен жазылған. Сонымен қатар, орыс тіліндегі қысқаша түсіндірмесі де бар.
«Туынды туралы Қарағанды облыстық ОГПУ басқармасына қарасты Арнайы бөлімінің басшысы Л.В. Кручинин жасаған тергеу хаттамасында да айтылады. Ол мұны алашордашыл азамат, Карлагта қамауда отырған Дамолла Битілеуовті тергеген кезінде анықтаған. Тергеу барысында Дамолла Битілеуов Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов және басқа да алашордашылармен қарым-қатынасы жайында айта отырып, Уайда Байбековпен екеуі Жүсіпбек Аймауытовтың өлеңі жайында әңгімелескенін тілге тиек еткен. Абақтыда жазылған шығарма сотталушылар арасында тарап кеткен. Дамолла Битілеуов өлеңді Уайда Байбековке айтып береді. Өз кезегінде У. Байбеков оны қағазға түсіреді.1933 жылдың 14 маусымында Исмағамбет Мәкішов пен Нұрғали Кадаленконы тергеу ісі бойынша айыпталушыларды беттестіріп, хаттама толтырылады. Сол хаттамада И. Мәкішов Н. Кадаленконың өтінуімен Дамолла Битілеуовтен шығарманы алып, оны Кадаленкоға бергенін айтқан. Битілеуов туындыны Карлагта отырған сотталушылардың арасында насихаттап жүрген.Айта кетерлігі, шығарма үш бөліктен тұрады. Қазірдің өзінде ғалымдар өлеңнің мазмұнын 20-жылдардағы дәстүрлі поэзияның стиліне жуықтайтынын айтып отыр», деп жазды Мемлекеттік кеңесші.
Қазіргі кезде туындыға филологиялық сараптама жасау үшін Президент Архивінің жанынан Әдебиет және өнер институтының мамандары мен аймауытовтанушы ғалымдардан құралған арнайы топ жасақталған. Ғалымдар толық зерттеп, ортақ тұжырымға келгеннен кейін оның қорытындысы қосымша жарияланбақ.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл