Жол саласына білікті мамандар қажет
Елімізде аймақтарды бір-біріне жалғайтын, тіршіліктің көзі болар, экономиканың көрсеткіші болар жол саласын дамыту — басым міндеттердің бірі. Ірі қалалар мен облыс орталықтары ғана емес шалғайдағы елдімекендердің де жолдары теп-тегіс болуы тиіс.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та осы мәселеге ерекше мән беріп, Үкіметке тиісті тапсырма берген. Жылдан жылға жол құрылысына бақылау да күшейіп келеді. Ол үшін жол сапасын, құрылысын, материалдарын бақылайтын Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы құрылған. Ал Алматы қаласында соңғы жылдары жүргізілген мониторинг бойынша жаңадан салынған автожолдардың сапасы жақсарып келеді. Алайда білікті мамандар мен озық технологияны игерген кадрлар тапшы.
Кейбір жол салатын ірі компаниялар шет елден жолшы мамандар алдыртып жұмысын жүргізуде. Неге? Өйткені, бізде халықаралық талаптарды меңгерген білікті маман жоқтың қасы. Тәуелсіздік алған жылдардан бері жол мамандарын даярлауға аса қатты көңіл бөлінген жоқ. Есесіне, заңгерлер мен қаржыгерлерді шектен тыс оқытып, қазір екінің бірі осы мамандықтың иесі. Сонда еліміздегі жолдарды шетелдіктер салмағанда кім салады? Шынын айтқанда сыртқа тәуелді болып отырмыз.
Сондықтан, қазіргі жастарды гуманитарлық бағыттардан гөрі, нақты ғылымға, әсіресе, техникалық мамандықтарға жол нұсқап, қызығушылығын ояту қажет. Бір қуантарлығы, бүгінде білікті жол мамандары мұнайшылардан кем жалақы алмайды. Сол үшін осы бағытқа насихатты күшейту қажет.
Осы ретте, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК елімізде «2000 мектеп» жобасын қолға алып, мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беріп, жол мамандығын таңдауға шақыруда. Жыл басынан бері Алматы филиалының мамандары қала мектептерін аралап насихат жасап, арасында «ZOOM» платформасы арқылы мектеп бітіруші түлектермен онлайн жүздесті. Жас буын біле бермейтін мамандықтың қыр-сырымен бөлісіп, ой-пікір алмасты. Орталық мамандары кәсіби бағдар беру жұмыстарын жыл соңына дейін жалғастыра бермек.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:53, 30 желтоқсан 2024
Елімізде доллар бағасы тағы өсті
-
11:54, 30 желтоқсан 2024
Алматы және Астана қалаларындағы айырбастау пункттеріндегі 30 желтоқсандағы валюта бағамдары
-
15:50, 27 желтоқсан 2024
Қазақстанда доллар күрт өсті
-
11:49, 27 желтоқсан 2024
27 желтоқсандағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
15:34, 26 желтоқсан 2024
Қазақстандағы түскі саудада доллар бағамы көтеріле бастады