«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» 5000-дай мектепте кездесу өткізіп, меморандумға қол қойған

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Астана қаласындағы РФММ, НЗМ, БИНОМ мектептерінде, одан өзге 5000-дай мектепте кездесулер өткізіп, меморандумдарға қол қойған. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстанда жалпы қолданыста 127 мың шақырымдай жол бар. Жол құрылысы мықты мамандар мен сапалы материалдарды, жоғары технологияны қажет етеді. Елдегі автомобиль жолдарының сапасын бақылап, тексеру жүргізетін мекеме – «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК жол саласына мықты мамандар қажеттігін жиі айтып жүр. Осы мақсатта орталық қызметкерлері оқу орындары мен мектептерді аралап, оқушылар мен студенттерге жолшы мамандағын таныстырып, кәсіби бағдар беруді қолға алған», дейді орталық.
Дәрістерді мекеменің бас директоры Замир Сағыновтың өз оқиды және дәрістер топтамасы жалғасуда. Кезекті дәріс 11 мамыр күні сағат 15.00-де Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде өтпек.
Замир Сағынов оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы, жол құрылысы маманы болудың артықшылықтары жайында айтып, сұрақтарына жауап береді.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:22, 7 қыркүйек 2023
1,5 млрд теңге қайда? «Алтын Орда» базарында тағы шу
-
10:18, 6 қыркүйек 2023
Kaspi.kz — Қазақстандағы №1 интернет-дүкен
-
09:39, 4 қыркүйек 2023
ҚМДБ қолдауымен Шымкентте студенттер үйі ашылды
-
12:03, 27 тамыз 2023
Байден Орталық Азия басшыларымен не үшін кездеседі?
-
11:21, 25 тамыз 2023
«Дикий Арман» ісі: жәбірленушілер өз өмірі мен отбасыларының қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді