Жастар үшін 2,3 миллион жұмыс орны ашылады – Тоқаев бағдарламасы

19:17, 27 қазан 2022

Семей. 27 қазан. 7kun.kz — Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау Республикалық қоғамдық штабы мүшелерінің сайлаушылармен үгіт-насихат кездесулері басталды. РҚШ алғашқы сапарын Абай облысына жасады, деп хабарлады Toqaev2022 Telegram арнасы.

Ә.Бөкейханов атындағы университетте өткен студенттермен кездесуде Республикалық қоғамдық штаб мүшелері сайлауалды бағдарламада айтылған жастармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударды.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасында жастарға басымдық берілген. «Жастар үшін» деген көзқарастан «жастармен бірге» қағидатына көшу ұсынылады. Бұл мемлекет пен талантты, белсенді жас ұрпақтың арасында кең ауқымды өзара іс-қимылы үшін барлық жағдайды жасауға ерекше назар аударылады деген сөз. Жастардың ел тағдырына белсенді араласуы үшін барлық мүмкіндік жасалады», — деп атап өтті Қоғамдық штаб басшысы Ерлан Қошанов.

Атап айтқанда, жас кәсіпкерлерге 2,5%-бен несие беруді бастау, креативті индустрияны дамыту, жастар үшін 2,3 млн. жұмыс орнын ашу, жатақханалар мен қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйлер салу, жеке баспана сатып алу құралдарын дамыту, шәкіртақыны екі есеге өсіру сияқты басқа да көптеген іс-шаралар жоспарлануда.

Абай облысының жұртшылығымен әңгімелесу барысында РҚШ мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдағы тұрмыстың жайлы болуы үшін ұсынған шаралары туралы айтып берді.

Ақсақалдармен және зиялы қауыммен кездесуде кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген тарихи мұраны сақтау, мемлекеттік тілді қолдау, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және өнерді дамыту шаралары талқыланды. «Бұл біз 20 жылдан астам уақыттан бері күткен шешім болды. Жаңа мәртебе берілген біздің облысымыз одан да серпінді дамитынына сенімдімін. Ал абайлықтар сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа белсенді дауыс береді», — деп атап өтті Шәкәрім атындағы университеттің профессоры Арап Еспенбетов.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!