Жарты жылда тұрғын үй құрылысына 600 млрд теңгеден астам қаржы тартылды

12:33, 15 шілде 2019

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – 2019 жылдың қорытындысы бойынша елордада тұрғын үй құрылысының жалпы көлемі 2018 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 16%-ға төмендейді, — деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін 118 мың тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз, оның 49 мыңы қазірдің өзінде енгізілді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларының саны 1,3 млн-ға жетті, ал соңғы үш жылда бұл көрсеткіш екі есе көп болды. Жылдың бірінші жартыжылдығында 5,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді», — деді ол.

Құрылыс қарқыны Қызылорда, Қарағанды және Атырау облыстарында жоғары. Бірақ, 4 өңірде өсім қамтамасыз етілмеген. Бұл — Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Жалпы, 2019 жылға арналған жылдық жоспарға басқа аймақтардағы құрылыс қарқынын арттыру арқылы қол жеткізілетін болады.

«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бері 29 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, 6 айда тұрғын үй құрылысына 600 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, бұл 2018 жылдың сәйкес көрсеткішінен 15,5%-ға жоғары.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!