Зеленский Жоғарғы Раданы таратып жіберді

17:04, 23 мамыр 2019

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Украина Президенті Владимир Зеленскийдің VIII шақырылымдағы Жоғарғы Рада өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және кезектен тыс сайлауды 21 шілдеде өткізу туралы Жарлығы күшіне енді, — деп хабарлайды ukrinform.ru.

«Украина Конституциясының 90-бабы екінші бөлігі 1-тармағы, 83-бабы алтыншы және жетінші бөлігі, 77-бабы екінші бөлігіне және 106-бабы бірінші бөлігі 7 және 8-тармақтарына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Украина Жоғарғы Радасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қаулы етемін. Украина Жоғарғы Радасының кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 21 шілдесінде өткізілсін», — делінген құжатта.

Украина министрлер кабинетіне Жоғарғы Раданың кезектен тыс сайлауын қаржыландыру тапсырылды.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!