Зеленский Украина президенті ретінде Ант берді

14:48, 20 мамыр 2019

Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – Украинада Зеленскийді ұлықтау рәсімі өтті.

Бүгін Украинада жаңа сайланған Президентті ұлықтау рәсімі өтті.

Елдің алтыншы президенті Владимир Зеленский Ант беріп, президенттік қызметіне кірісті.

Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсімі Украинаның Жоғарғы Радасында өтті.

Алдағы 5 жылда украиналықтардың өмірін жақсарту үшін барымды саламын деген Зеленский Жоғарғы Раданы таратты. Сондай-ақ ол, шенеуніктерге кабинетке өзінің суретін ілмеуді сұрады. Оның орнына балаларының суретін іліп қойып, шешім қабылдар алдында көзіне бір қарап алуды ұсынған ол қолын інжіл мен Украина Конституциясын ұсиап тұрып ант берді. Артынан Ант мәтініне қол қойды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!