WhatsАpp-та өшірілген файлды қалпына келтіретін функция қосылады

12:22, 17 сәуір 2018

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz – WhatsАpp өндірушілері өшірілген файлдарды қайта қалпына келтіруге болатын жаңа функцияны қосуды жоспарлап отыр.

Енді WhatsАpp қолданушыларының файлдары мессенджердің серверінде сақталады. Функция өшірілген файлды қайта жүктеуге мүмкіндік береді. Өшірілген файлдар серверде екі ай сақталып тұрады. Сол аралықта қолданушы керек файлын іздеп, таба алады.

Мамандар қолданушыларға ақпараттың құпия сақталуына қатысты уайымдамауларына болатынын айтады. Жеке мәліметтерді өзге адамның көріп қою жағдайы болмайды.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!