«Верный капитал» Болат Өтемұратовтың тұтқындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

16:30, 30 қараша 2020

«Верный Капитал» компаниялар тобы англиялық соттағы БТА банкінің ісі туралы мәлімдеме жасады. Ол туралы ақпарат компанияның Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

«Аталған шағым алдымен «БТА банк» АҚ тарапынан 2015 жылы Мұхтар Әблиязов пен Ілияс Храпуновқа қарсы түсірілген. Оның салдарынан тізім ұлғайып, 2020 жылдың қарашасында жауап берушілер қатарына Болат Өтемұратов пен оның бизнес құрылымына кіретін адамдар қосылған. Бұл шағымға «БТА банк» пен оның заңгерлері ұсынған жалған құжаттар негіз болған. Шағымға қарсы талап жақын уақытта түсіріледі», делінген «Верный капиталдың» мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде Болат Өтемұратовтың Нұр-Сұлтанда екені, жұмыс істеп жатқаны туралы жазылған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!