Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 67 млрд теңге болды

10:39, 3 тамыз 2018

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz –  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорың басқару нәтижелері бойынша 2018 жылғы 1-тоқсанда инвестициялық кіріс шамамен 67 млрд теңге болды.

2018 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша басқару нәтижелері бойынша (-) 785 млрд теңге мөлшеріндегі шығын 67 млрд теңге мөлшеріндегі нақты инвестициялық кірістен және осы кезеңде теңге бағамын АҚШ долларына қатысты нығайтуға байланысты қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша (–) 852 млрд теңге теріс айырмадан тұратындығын атап өтеміз.

Мәселен, АҚШ долларының бағамы 2018 жылғы 31 наурыздағы және 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тиісінше 318.31 теңге және 332.33 теңге болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!