Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтерді

17:31, 9 қыркүйек 2019

Алматы. 9 қыркүйек. 7kun.kz – Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 25 б.т.-ға жылдық 9,25%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы дүйсенбіде өткен брифингте Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

Нақты инфляция күтілген деңгейден жоғары болып қалыптасып отыр және тамыз айының қорытындылары бойынша 5,5%-ға жетті.

Тұтынушылық сұраныстың кеңеюінен туындаған проинфляциялық қысым алдыңғы болжаммен салыстырғанда ұлғайды, бұл инфляцияны 2019 жылдың соңына қарай 5,7%-5,8% деңгейіндегі нысаналы дәліздің жоғарғы шегіне итермелейді. Орташа мерзімді болжамды болашақта 2020 жылы инфляция аздап баяулай отырып, нысаналы 4-6% дәліздің ішінде болады деп күтіледі.

2019 жылғы 7 айда экономиканың өсуі Ұлттық Банктің болжамынан жоғары 4,2% деңгейінде қалыптасты, бұл экономикада проинфляциялық қысымды туындатады.

Ұлттық банк инфляция бойынша мәлімделген бағдарға жету мақсатында базалық мөлшерлеме жөніндегі бұдан кейінгі шешімдерді нысаналы дәлізге қатысты қалыптасып отырған және болжанып отырған инфляция серпінінің сәйкес келуін, ішкі сұраныс тарапынан тәуекелдердің іске асырылуын, импорт өсімі мен әлемдік экономикадағы жағдайды есепке ала отырып қабылдайтын болады.

Ағымдағы жылғы тамызда халықтың инфляциялық күтулері төмендеді.

Халыққа жүргізілген пікіртерімнің деректері бойынша респонденттердің 60%-ы алдағы 12 ай ішінде инфляцияның ағымдағы деңгейінің сақталуын немесе төмендеуін күтеді. Респонденттер алдағы 12 айда инфляция 5,3% болады деп бағалайды.

Орта мерзімді болашақта жылдық инфляция нысаналы дәліздің шегінде қалыптасады. Дегенмен де, қысқа мерзімді болашақта тұтынушылық сұраныстың өсуі, жекелеген азық-түлік тауарлары бағасының жылдам өсуі, сондай-ақ реттелетін көрсетілетін қызметтерге тарифтердің төмендеуінен болған әсердің 2020 жылғы бірінші тоқсанда аяқталуының нәтижесінде оның артуы күтіледі, ол жиынтығында инфляцияның нысаналы дәліздің жоғарғы шекарасынан шығып кету тәуекелін тудырады.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 15:00-де жарияланатын болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!