Түрік инвесторларының қатысуымен 1,4 млрд доллар көлеміндегі 32 жоба жүзеге асырылды

11:00, 20 сәуір 2018

Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz – Бұл туралы Қазақстан республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

19 сәуірде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркияға ресми сапармен келді. Анкарадағы келіссөздердің назарында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға 2018 жылдың жазында жасайтын алдағы ресми сапарының маңызды мәселелерін зерделеу. Тараптар, сондай-ақ екі мемлекет басшыларының төрағалығымен өтетін жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына дайындық жасау.

Жиында Түркия Қазақстанның басым инвестициялық әріптесі болып қалатыны айтылды. Жалпы, түрік инвесторларының қатысуымен экономиканың шикізаттық емес секторларында 1,4 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі сомаға 32 жоба жүзеге асырылды. «Yildiz Holding», «Eczacibasi Holding», «Abdi Ibrahim», «Anadolu Holding», «Aselsan Elektorinik», «YDA Holding» ең белсенді инвесторлар болып табылады. Қазіргі уақытта жаңа түрік компанияларының Қазақстанға кіруі бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы да сөз қозғалды.

2017 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 28 пайызға артып, 1,9 миллиард долларды құрады. СІМ басшысы Қазақстан экономикасын жаңғырту бойынша бастамалар мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы айтты.

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!