Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылығында өзгерістер болды

12:24, 20 наурыз 2019

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өзінің Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы жариялады, деп хабарлайды KASE.

Айдар Арифханов «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Қазіргі уақытта «ҚТҚЖБ» АҚ Директорлар кеңесі алты мүшеден тұрады: А.А. Арифханов, Е.А. Біртанов, Л.Ебрагимова, Д. Қыдырбаев, А.А. Барунин, М.Б. Ибрашев.

Айта кетейік, бұған дейін Айдар Арифханов «Бәйтерек» ҰБХ » АҚ төрағасы қызметін атқарды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!