Toyota Camry 70-тің Қазақстандағы бағасы белгілі болды
Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Мамыр айынан бастап Қазақстанда сатылатын Toyota Camry 70-тің бағасы белгілі болды. Toyota-ның Санкт-Петербургтегі зауытында құрастырылатын көлік үш түрлі двигательмен сатылады. Бұл туралы motor.kz хабарлады.
Бұған дейінгі Камри 50, 55-те болған 2 литрлік 6AR-FSE (150 а.к) мен 2.5 литрлік 2AR-FE (181 а.к), сонымен қатар модеринзацияланған 3.5 литрлік 2GR-FKS моторымен жабдықталады. Соңғысы АҚШ-та 305 ат күшін берсе, Ресейде құрастырылғаны салық жеңілдігі үшін 249 ат күшіне теңестірілген. Жаңа сегізсатылы автоматты беріліс қорабы мен жабдықталған және 100 ш/сағ. жылдамдыққа 7.7 cекундта жетеді.
Қазақстанда сатылатын Toyota Camry тоғыз жинақтамада сатылады. [Ал Ресейде жеті жинақтама сатылады]. Ең арзан нұсқасы «Стандарттың» құны 8 970 000 теңге. Бұл Camry 50-дің ең арзан нұсқасына қарағанда едәуір арзан. 50-дің бағасы 9 860 000 теңгеден сатыла бастаған еді. Бұл нұсқада алты қауіпсіздік жастығы, екіаймақтық ауа баптағыш, алдыңғы орындықтарды жылытқыш, ең қарапайым аудиожүйе, двигатель қосу нүктесі, электрлі қол тезегіш, жарықдиодты фар, жарық құрылғысы мен 16-дюймдік дөңгелектермен, екі литрлік двигатель мен алтысатылы автоматты береліс қорабымен жабдықталады.
Бұдан сәл жоғары Classic жиынтығының құны 9 400 000 теңге. Мұнда стандарттағы жинақтамаға қосымша сенсорлы экраны бар медиажүйе, круиз-бақылау, былғары рөл, парктроник пен жаңбыр құрылғысы бар. Бұдан кейінгі Comfort жиынтығы 2.5 л двигательмен жабдықталады, бағасы 10 240 000 теңге. «Элеганс» пен «Люкс» 10 680 000, 12 570 000 теңге тұрады. Ең қымбат Lux жиынтығының құны 15 620 000 теңге.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





