Тоқаев: Қазақстан экономикасы 4,5%-ға өсті

11:20, 24 қаңтар 2020

Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz — 2019 жылы Қазақстанның экономикалық өсімі 4,5% құрады, деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында хабарлады.

«Өткен жылы біз жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік – экономикалық өсім 4,5%-ды құрады. Экономиканың негізгі салаларында өсу динамикасы байқалады. Осы көрсеткіштердің барлығы халықтың өмір сүру деңгейіне оң әсер етуі тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында айтылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру қажеттілігіне де тоқталды. Оның айтуынша, бұл елдің тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға қуатты серпін береді.

«Қазір біз осы бағыттағы жүргізілген жұмыстарға тоқтап, болашаққа жоспарымызды талқылаймыз. Басты мақсат — қолда бар мүмкіндіктер мен әлеуетті толыққанды пайдалану», — деді ел президенті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!