Тағайындау: әкімшіліктерде өзгеріс болды

11:43, 12 сәуір 2019

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Бүгін облыс, қала әкімдіктерінде де кадрлық ауысулар орын алды. 

Болат Жұмабеков Петропавл әкімі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте 2012-2013 жылдары болған еді. Ал, бүгінге дейін Болат Жұмабеков Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Талдықорған қаласының әкімі ауысты. Бұл қызметке Ғалымжан Әбдірайымов келді. Еңбек жолын колхозда шебер болып бастады, әртүрлі құрылым ұйымдары мен мекемелерінде жауапты қызметтер атқарды.

Павлодар облысының әкімдігінде де өзгерістер орын алды. Асхат Оралов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол әлеуметтік салаға жетекшілік ететін болады.



Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!